Мұқағали Мақатаев
Лашынға
Лашынға. (Л-ға). Күрсінбеші. Жаным, сен жасымағын. Жас ана. Лыкенге. Лашынға. «Сәлем, сәулем, бір қайғырып, бір күлген...» Әйелдер-ай! Ей, ақындардың жарлары!
ЛАШЫНҒА
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Іздесең, қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе...
Іздесең, қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!
Лайсаң жауыңдар, дауылдар
Болмай ма күншуақ көктемде?
Өмірде кең, даңғыл жол қайда...
Дауылдар, жауыңдар болмай ма?
Бас қорғап жататын ондайда,
Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?!
Лайсаң жауындар, жауыңдар,
Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.
Лай су шаймайтын арым бар,
Дауылдан қорықпас жаным бар!!! .
Іздесең, қателік көп менде
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!!!
* * * * * * * * * * * * *
(Л-ҒА)
Көңілім менің басылды,
Шегіне жеттім төзімнің.
Сүйе де менің басымды,
Бұршағын аршы көзімнің!
Сүріндім, оңбай сүріндім,
Кінәлі мына бір басым.
Алдыңа келіп жүгіндім,
Ақылшым әрі сырласым.
Сүйеші мені, қасыңа ал,
Кұлауға, міне, пәс қалдым.
Ақындык деген — ашымал,
Ашымалға елтіп, мастандым.
Адуын жүрдім қашан да,
Адымым алшак, бекем бой.
Арындап кеткен асауға
Ауыздық керек екен ғой.
Күнәсіз, бейқам жас күнді
Сұрама менен, жоқтама.
Асауың, міне, бас білді,
Ауыздық сал да, ноқтала.
Белгілі рақат таппасым,
Басылды, бітті желігім.
Арқама ерің батпасын,
Аяшы мені, СЕРІГІМ!
* * * * * * * * * * * * *
КҮРСІНБЕШІ
Тағдырыма тура келген серігім,
Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?!
Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың.
Басқалардың барлығынан жерідім.
Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,
Сенен келіп қуат алдым жеңілсем.
Сен — жер болдың, нөсер болып тегілсем.
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем.
Мен - түн болсам, сен - таң болдың жаңа атқан,
Мені — қола, сені — шойын жаратқан.
Мен — ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан.
Сен — Адамсың, мен аждаһа зәр атқан.
Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Түсінемін кеудендегі дүрсілге.
Оңашада, жұрт көзінен жасырын,
Күрсінбеші, жалынамын, күрсінбе!
Әлі екеуміз аттанамыз сан жылға,
Күрсінбеші, қуаныш көп алдында.
Күрсінбеші, жүрегімді тындашы,
Талай-талай кереметтер бар мұнда!..
* * * * * * * * * * * * *
ЖАНЫМ, СЕН ЖАСЫМАҒЫН
Көбейте берме, жаным, шашын ағын,
Жаным, сен жасымағын, жасымағын,
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын,
Шашылады шұғылам, ашыламын.
Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан,
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан.
Қара бұлтқа қара да басымдағы,
Күн шығады деп ойла осы жақтан.
Жанымнын жақсы емес тыншығаны,
Тыншығанда жүрегім тұншығады.
Жасынымнан, жаным, сен сескенбегін,
Жай отының артынан күн шығады.
Жай отымды алыппын бәсендетіп,
Есім кетіп қалыпты, есем кетіп.
Ақ жаңбырдын нұрына шомыла бер,
Нөсерлегіп алайын, нөсерлетіп.
Жаным, сен жасымағын, жасымағын!
Нөсерлетіп алам да басыламын.
Айкұш-ұйқыш бұлттардан жай атылмай,
Күн тымырсып тұрғанға ашынамын...
* * * * * * * * * * * * *
Баруға бата алмай бықсық елге,
Өткізіп өмірімді жүрмін мен де.
“Япырай, сәулем қашан оралар”, — деп,
Күтумен сарғайдың-ау, жаным, сен де.
Әлі-ақ ертең жетермін сол бір елге,
Ақсақ қаз қонар барып ылай көлге.
Қуаныш пен қайғымды қабат алып,
Сырымды жеткізермін Лыкенге!
* * * * * * * * * * * * *
Ұйқысыз жүдеу жас ана,
Бөбегін отыр тербетіп.
Көзіне тұнық жас ала.
Дейді ол: “Қалқам ер жетіп,
Ұмытпас, сүйіп асырар,
Төгілмес текке ақ сүтім,
Жүректің дерті басылар,
Алдамас күткен үмітім”.
Ол - оның тәтті тұңғышы,
Дүнияға келген жаңа адам.
Ол - оның ерке жыл құсы,
Қолына қонған жаңадан.
Ел ұйқыда, жас ана
Бөбегін баяу тербетер.
Көзіне мұңлы жас ала,
Жүрегінен күй шертер..
* * * * * * * * * * * * *
ЛАШЫНҒА
...Деген ойым, жаным, саған білдірмен,
Жел ме, күн бе жеткізіп те үлгірген.
...Деген ойым, жаным, саған білдірмен,
...Солай жағдай, түсін, менің асылым
Тірі де емес, өлі де емес жүрмін мен.
Есіңде ме, достасқанда сенімен
Жанымменен ант етіп, серт беріп ем!
Қарағанда қарапайым жүзіңе,
Адамдықтың қасиетін көріп ем.
Содан бері айлар емес, жыл өтті,
Арман ғана алдандырып жүректі.
Ой зарығып, үміт күтіп ертеңді,
Айлар өтті алып қашып тілекті.
Сәлем, досым, бір қуанып, бір күлген
Сәлемімді ал тірліғімді білдірген.
Ой зарығып, үміт күтіп ертеңді,
Тірі де емес, өлі де емес жүрмін мен.
Мен азғанмен, сен сертіңнен айныма,
Бізге ортақ қуаныш та, қайғы да.
9.42 минут. Түн.
19.03.1953 ж., Алматы.
* * * * * * * * * * * * *
Сәлем, сәулем, бір қайғырып, бір күлген
Сәлемімді ал, тірлігімді білдірген.
Ой зарығып, үміт күтіп ертеңді
Тірі де емес, өлі де емес жүрмін мен.
Саған, досым!
Қайсыбірін санаймын,
Өмірді ұрлап өтіп жатыр талай күн.
Сен айтқаңдай: “Бақыт деген қайда?” - деп,
Туар ай мен шығар күнге қараймын.
20.03.1953 ж., Алматы.
* * * * * * * * * * * * *
ӘЙЕЛДЕР-АЙ!
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әркайсың.
Біреу жеріп тұрса-дағы калмайсың,
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай, кандайсың?!
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай, қулар-ай,
Жанарлардың жауып алып тұрғаны-ай!
Біле тұра бұйректерің бүлк етіп,
Кетесіндер тыңдай тұра, тындамай.
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай, қулар-ай!
...Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп мейлі!
Әйел деғен әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...
* * * * * * * * * * * * *
ЕЙ, АҚЬІНДАРДЫҢ ЖАРЛАРЫ!
Ей, ақындардың жарлары!
Ақын деген табиғат қой,
Қысы, күзі, жазы бар,
Көктемі бар шуақты,
Аймала да, ақынынды жазып ал,
Кеше біреу жылатты.
Ақындарын бұлттанғанда сөкпендер,
Нөсерлетсін бір керім.
Ақын жасын абайландар, төкпендер,
Көзелерге кұйындар да,
Сіміріндер, күндерім!
Ақындардың жалғыз тамшы жасынан,
Жанға шипа табылар.
Себебі онда адам ұлы бас ұрған,
Адалдықтың нәрі бар,
Ей, ақындардың жарлары!
Бақыт деген қастарыңнан кете алмай жүр айналып,
Кете алмай жүр, қона алмай жүр бастарына байланып
Әне, ақының келе жатыр ұлан-ғайыр пайда алып.
Ұлан-асыр ойланып, ұлан-асыр қайғы алып,
Кешіріндер, ақын деген, міне, осындай бай халық.
* * * * * * * * * * * * *
Басты бет Дәстүр Тағам Ұлттық Ойындар ЖігіттіңҮшЖұрты Қолөнер Әндер Ырым-Тыйым Бата Жұмбақ М.Мақатаев ШешендікСөздер Ертегі ТөртТүлік Қазақтар Абай Кочевник